“Өрлеу” БАҰО АҚ «Қостанай облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалы директоры қызметіне Мусабекова Гульвира Айдархановна тағайындалғаны туралы хабарлаймыз.Мусабекова Гульвира Айдархановна 1973 жылы 3 қыркүйекте дүниеге келген. 1990 жылы ол ауыл орта мектебін алтын медальмен аяқтап, 1995 жылы Костанай мемлекеттік педагогикалық институтын «Тарих, қоғамтану және тәрбие жұмысының әдістемесі» мамандығы бойынша сәтті тәмамдады.
Гульвира Айдархановна еңбек жолын ауыл мектебінде тарих пәнінің мұғалімі ретінде бастады. 1996 жылдан бастап Рудный және Қостанай қалаларындағы мектептерде мұғалім және тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарды. 2001 жылы Мусабекова Г.А. «Қостанай дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығының бөлім басшысы болып тағайындалды, 2005-2010 жылдар аралығында дарынды балаларға арналған Қостанай қазақ-түрік лицей-интернатында директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2009 жылы ол кандидаттық диссертациясын қорғап, педагогикалық ғылымдар кандидаты ғылыми дәрежесін алды. 70-ке жуық ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монография мен Scopus базасында индекстелетін журналдарда жарияланымдардың авторы болып табылады.
2010 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының психология-педагогика факультетінің деканы қызметін атқарды. Әртүрлі жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Гульвира Айдархановнаны академиялық саясатты трансформациялау саласының тиімді маманы ретінде аймақтық университеттерге дағдарыс менеджері ретінде жіберіп отырған. Ол Арқалық, Қостанай, Ақтау, Тараз қалаларындағы жоғары оқу орындарында проректор қызметін, сондай-ақ 2023 жылдан бастап Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразия университетінің ректоры қызметін атқарған. Сонымен қатар, 2021 жылы Гульвира Айдархановна ҚР Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық мобильділік орталығының директордың орынбасары қызметін атқарды.
Мусабекова Гульвира Айдархановна ведомстволық наградалармен марапатталған және «Жоғары кәсіби білім беру саласындағы үздік менеджер» (2019) атағына ие. Ол Қазақстанның білім саласындағы зерттеушілер ассоциациясының (KERA), Еуропа жоғары оқу орындары мен оқытушылары ассоциациясының (HiSTES) мүшесі, сондай-ақ облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-эксперттік тобының мүшесі болып табылады.