2023 жылғы 14 сәуірде «Өрлеу» БАҰО» АҚ ISO 37001 стандарты («Парақорлыққа қарсы күрес жөніндегі халықаралық стандарт») бойынша халықаралық сертификаттау мәселелері бойынша сараптамалық кездесуге қатысты.
Кездесу ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының алаңында аралас форматта өтті. Талқылауға Академияның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органдардың өкілдері, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордың комплаенс қоғамдастықтарының өкілдері қатысты.
ISO 37001 стандартына немесе ҚР СТ 3049-2017 сәйкестігін растау «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік негізгі бағыты бойынша іске асырылатын жобалар картасы шеңберіндегі міндеттердің бірі болып табылатынын ескере отырып, бұл іс-шара ерекше маңызды болды.
Сараптамалық кездесудің қорытындысы бойынша ISO 37001 стандарты бойынша ұлттық сертификаттау органының болмауы туралы өзекті мәселелер айтылды, сондай-ақ сертификаттаудан өту бойынша бірыңғай тәсілдерді әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.