Бүгін «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Р.Қаратабановтың қатысуымен жиналыс өтті. Жиналыстың мақсаты – ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген бастауыш/негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты жобасымен (бұдан әрі – МЖМБС) таныстыру.МЖМБС жобасы екі жыл бойы педагогикалық және сараптамалық қоғамдастықтардың, ата-аналар қауымдастығы мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, депутаттармен талқылана отырып әзірленді.
Жиналыс барысында қарастырылған маңызды мәселелер:-стандарттардың қолданылу салалары;-білім мазмұнына қойылатын жаңа талаптар;-бастауыш білім берудің базалық құндылықтары;-негізгі орта білім берудің жаңартылған құндылықтары;-педагогикалық тәсілдеме;-көптілді білім беру;-инклюзивті білім беру: жаңа талаптары мен әдістері;-бастауыш білім берудің білім беру салалары;-пәнаралық біріктіру;-білім стандарттарының «бағалау» бөліміне кіріспе;-оқытудан күтілетін нәтижелер; -кәсіптік бағдар беру және әлеуметтік GPA бағалау;-МЖМБС стандарттарын жүзеге асыру мониторингі. Білім берудің инклюзивті тәсілін арттыруға және МЖМБС тиімділігін бағалауға бағытталған бірден бірнеше норма енгізілді. Жаңа «Әлеуметтік GPA» ұғымы да қосылды. Сонымен қатар МЖМБС жобасында пәндер және сағаттар саны сақталады. Бұл стандарттар 2025-2026 оқу жылында басталып, толық жүзеге асыру 2026-2027 жылға жоспарланған. МЖМБС талаптары оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуде, педагогтердің біліктілігін арттыру курстары бағдарламаларының мазмұнын әзірлеуде, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектепішілік бақылау, педагогтерді аттестаттау, оқыту нәтижелерін бағалау, қорытынды аттестаттау және білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу кезінде міндетті болып табылады. Естеріңізге сала кетейік, қазір қолданыстағы МЖМБС 2016 жылдан кезең-кезеңімен енгізілген еді.Білім беру стандарттарын өзектендіру – білім беру саласындағы заманауи үрдістерді, цифрландырудың, жасанды интеллекттің қарқынды дамуын ескеруге мүмкіндік беретін жалпы қабылданған әлемдік тәжірибе. Барлық осы өзгерістер мен жаңашылдықтар білім беру жүйесінің сапасын арттыруға және әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті болуға септігін тигізеді.

- 27 Ноя
- 2024