СҚО «Өрлеу» филиалында «Педагогикалық ізденіс» журналының ең мазмұнды басылымына арналған «Өрлеу Дауысы» облыстық байқауының қорытындысы шығарылды! Байқауға жалпы 57 жұмыс, 72 педагог қатысты, оның ішінде 56% ауыл қатысушылары. Ең белсенді орта білім беру ұйымдарының педагогтерінен – 43 жұмыс, мектепке дейінгі ұйымнан – 7, ТжКБ-7 жұмыс келіп түсті.
Қатысушылардың мақалалары заманауи білім беру процесінің өзектілігі мен серпінділігін көрсете отырып, тақырыптардың кең ауқымын қамтыды.
Мақалалардың негізгі бағыттары:
-Білім берудегі менеджмент. Көптеген жұмыстар білім беру ұйымдарын басқарудағы инновацияларға арналып, табысқа жету үшін тиімді топтық жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
-Тәрбиенің өзекті мәселелері. Мақалалар жастар арасында ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды қалыптастыру мәселелерін қозғады.
-Оқытудың заманауи әдістері мен тәсілдері. Авторлар білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін және оқу процесін интерактивті және ынталандыратын заманауи технологиялар мен әдістерді енгізуге баса назар аударды.
Жеңімпаздардың мақалалары СҚО «Өрлеу» филиалының № 2 «Педагогикалық ізденіс» облыстық ақпараттық ғылыми-әдістемелік журналының беттерінде орналастырылады.
Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз!