Ағымдағы жылдың 13 қаңтары күні жыл сайынғы дәстүрлі «Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсының облыстық және республикалық сарапшылық кеңесінің мүшелеріне Алғысхат табыстау онлайн іс-шарасы өтті.
Іс-шараның аясында барлық қатысушылар мен қонақтарды «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры, биология ғылымдарының кандидаты, доцент, қауымдастырылған профессор Қожамжарова Ләтипа Сейдахметқызы құттықтап, педагогтердің тұлғалық дамуына арналған конкурстың және облыстық сарапшылық кеңес жұмысының маңыздылығын атап өтті.
Салтанатты шара барысында «Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Айдана Сенбекқызы Шилібекованың атынан республикалық сарапшылық кеңестің құрамына енген Жамбыл облысының сарапшыларына Алғысхаттар табыс етілді.
Өңірлік сарапшылық кеңес мүшелеріне «Өрлеу» БАҰО» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы атынан Алғысхаттар табыс етілді.
Сарапшыларды конкурстың сапалы дамытуға қосқан үлесін объективті бағалағаны үшін алғыс білдірді. Педагогтердің конкурсқа қатысқан шығармашылық жұмыстары бұдан да кемелденіп, ерекше идеяларымен, педагогикалық жаңалықтарымен таң қалдыратынына сенім білдірді.
Іс-шара «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның барлық филиалдары арасында «Жаңа жетістіктерге ұлы бастама!» Республикалық челленджінің басталуымен аяқталды.