«Өрлеу» жеңімпаздарды марапаттады

«Педагогикалық идеялар панорамасы-2022» байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды. Байқауға Ақмола облысы бойынша 251 мұғалім қатысты. Филиал оқытушылары мен қызметкерлерінен құралған байқаудың қазылар алқасы 49 қатысушының жұмыстарын атап өтті. 2022 жылдың 11 қарашасында жеңімпаздарды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының дипломдарымен марапаттау салтанатты рәсімі өтті. Байқаудың барлық қатысушылары электронды форматта сертификаттар алады. 1-орын алған сабақтар республикалық кезеңде көрсетіледі. Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар