«Өрлеу» жеңімпаздарды марапаттайды

«Педагогикалық идеялар панорамасы-2022» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Байқауға Ақмола облысының 251 педагогы қатысты, оның ішінде 4 педагог жеңімпаз атанды: Накенова Дамеш Мұратқызы, Көкшетау қаласының «Нұр бала» бөбекжай-бақшасының әдіскері (1 орын), Смайлова Орал Қапарқызы, Степногорск қаласы № 4 «Болашақ» ОММЛИ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі (1 орын), Өтегенов Жангелді Камалиденұлы, Жақсы ауданы Кийма ауылының Қабдеш Өскенбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру мұғалімі (1 орын), Шрейнер Оксана Васильевна, Бурабай ауданы Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясының информатика мұғалімі (2 орын).
2022 жылғы 22 желтоқсанда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының дипломдарымен жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтті.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және шығармашылық жетістіктер тілейміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар