2023 жылғы 2 мамырда “Өрлеу және мектеп/мектепке дейінгі ұйым серіктестігіндегі сабақ” жобасы аясында “Өрлеу”-СҚО аға оқытушысы Гүлзат Әлжанова №7 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Раушан Рамазановамен бірлесіп “Lesson Study технологиясының негіздері”сабағын өткізді.
Курс тыңдаушылары келесі тармақтарды егжей-тегжейлі зерттеді: Lesson Study жоспарлау, жүргізу және талдау, кәсіби мұғалімдер қауымдастығында жұмыс істеу, оқу процесін жақсарту құралдары. Сабақ қорытындысы бойынша Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Lesson Study процесіне оқушыларды тартудың проблемалық мәселелерін талдап, болжамды тиімділікті, сондай-ақ оқу нәтижелеріне оң әсерін бағалады.
Мұндай жобаларды іске асыру мұғалімдер практикасы саласындағы білімді жетілдіруге ықпал етеді.

- 03 Май
- 2023