«Өрлеу» және British Council Kazakhstan AELLCA жобасы аясында шебер-тренерлерді оқыту басталды

«Өрлеу» және British Council Kazakhstan AELLCA жобасы аясында шебер-тренерлерді оқыту басталды

17 қарашадан бастап Орталық Азияда ағылшын тілін оқытуды жеделдетуге арналған білім беру бағдарламасы (AELLCA) шеңберінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының шебер-тренерлерін оқыту процесі басталды.

Бұл бағдарлама аясында сарапшы-тренерлер, шебер-тренерлер мен пәндік тренерлер дайындалып, еліміздегі біліктілікті арттыру курстарының сапасын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейді.

Тренерлерді оқыту бағдарламасы British Council Kazakhstan және Ұлыбританиядағы Norwich Institute for Language Education (NILE) ұйымымен бірлесе әзірленген.

Іріктеу нәтижесінде бағдарламаға қабылданған 20 үміткердің арасында Өрлеу – Маңғыстау филиалының директоры К.Тлеуов және филиалдың аға оқытушысы М.Сахарбаева бар. Шебер-тренерлер бірнеше кезеңнен тұратын оқыту бағдарламасынан өтеді және British Council сертификатына ие болады.

Оқыту аяқталғаннан кейін шебер-тренерлер «Өрлеу» ұйымының пәндік тренерлерін даярлауға, сондай-ақ 2026 жылдың басында жоспарланған бағдарламаның практикалық кезеңдерін іске асыруға кіріседі.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар