«Өрлеу келбеті» айдары

«Өрлеу» БАҰО 26 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан тренер Айдарбек Бәкіржан – Түркістан облысындағы көркем еңбек пәнінің аға оқытушысы. Педагогика саласындағы еңбек өтілі 38 жыл, педагогика ғылымдарының кандидаты.
Айдарбек Бәкіржан қазақтың дәстүрлі қолөнерін жаңғырту бағытында табиғи материалдармен жұмыс істеуді оқушыларға үйретудің бірегей әдістемесін әзірлеген. Ұлттық тәрбие мен қолданбалы өнерді білім беру процесіне кіріктіру бағытындағы еңбектері өңірлік және республикалық деңгейде мойындалған.
Ол қолданбалы өнер саласында 40-тан астам ғылыми мақаланың, бірнеше оқу-әдістемелік еңбектің авторы. Ұлттық мұраны дәріптеп жүрген Айдарбек Бәкіржан Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Тайқазанның ожауын да жасаған.
Тарихи мұражайда сақталған шебердің бұл туындысы туралы бейнероликте.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар