Заманауи білім беруді дамытудың негізгі бағыттарын қалыптастыратын негізгі трендтер бүгінгі күні маңызды болып отыр Бұл білім беруде бәсекеге қабілетті мұғалімнің шығармашылық жұмыстарын дамытуды ұсынады.
«Білімді болу деген сөздің мағынасы-белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым» – деп ғұлама Әл-Фараби айтқандай мұғалім өзін-өзі жетілдіріп отыру керек.
Мен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, оқытудың жаңа әдіс – тәсілін қолдану сияқты мәселелерді басты міндетке қоя отырып, қазіргі заман талабына сай «Өрлеу» БАҰО» АҚ Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты ұйымдастырған оқу бағдарламасы бойынша біліктікті арттыру курсында өз білімімді жетілдірдім.
Әріптестеріммен бірлесе отырып, жаратылыстану, математика пәндеріндегі ортақ тақырыптардың маңыздылығы мен оның оқу іс-әрекетіне ықпалдасуы туралы маңызды ақпараттармен білімімді толықтырдым.
«Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу және жобалау қызметі» тақырыбындағы біліктікті арттыру курсы өте маңызды және шабыттандырды!
Алынған әдістер мен идеялар сабақтарды қызықты етуге, сондай-ақ балаларда ақпаратты өз бетінше іздеу және шығармашылық тәсіл дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді. Өз жұмысыма, қазыргі кездегі жұмыс барысындағы жаңалықтарға оңай бейімделуге ықпал еткен, қызықты және мазмұнды курс ұйымдастырғаны үшін «Өрлеу» Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтына рахмет!.
Баян Махамедова, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы,
Мойынқұм ауылы Т.Рысқұлов атындағы тірек мектебінің (ресурстық орталық)
бастауыш сынып мұғалімі.