Өрлеу-Маңғыстау филиалына Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Медетбекова Меруерт Асқарбекқызы және Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту орталығының директоры Танирбергенова Анар Шынболатқызы келіп, филиал қызметкерлерімен және курс тыңдаушыларымен кездесті.Кездесу барысында Біртұтас тәрбие бағдарламасының мақсаты мен міндеттері, тәрбие құндылықтары, тәрбиенің үздіксіздігі және оларды жүзеге асыру жолдары туралы еркін пікіралмасып, өзекті мәселелер талқыланды.

- 22 Сен
- 2023