“Өрлеу”-мен бір толқында!

“Өрлеу “БАҰО” АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша кәсіби біліктілікті дамыту институтының базасында орыс тілінде оқытпайтын орта білім беру ұйымдарының орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған “Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту” тақырыбында біліктілікті арттыру курстары жалғасуда. Аталған курстардың мақсаты-қазіргі жағдайда педагогтердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру болып табылады. Курс тренері-МПЕиГД кафедрасының доценті, п.ғ.к. (PhD) Арзиева Алия Тохтамысовна.

Тренингтерде тыңдаушылар білім алушылардың оқу қызметін тиімді ұйымдастыру үшін проблемалық оқыту әдісін (PBL) қолдану ерекшеліктерін қарастырады, PISA зерттеулеріне оқушыларды дайындаудың тиімді әдістерін талқылайды, soft skills дағдыларын қолдану бойынша кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіреді және т. б.

Осы курс аясында Алматы қаласының мұғалімдері өздерінің педагогикалық шеберліктерін жетілдіреді, толғандыратын сұрақтарға жауап табады, алған білімдерін орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданудың практикалық дағдыларын дамытады, жалпы алғанда, өздерінің педагогикалық қызметіне жаңаша қарай бастайды.

Курсанттар еліміздің педагогтерінің кәсіби дамуы үшін барлық жағдай жасайтын “Өрлеу ” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ-ның баға жетпес рөлін атап өтіп, “Өрлеу”-мен үнемі бір толқында болуға шешім қабылдады!

«Өрлеу» Алматы

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар