«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен Қазақстандағы Британдық Кеңес ағылшын тілін үйренуді жеделдету бағдарламасының екінші кезеңі – Accelerating English Language Learning in Central Asia (AELLCA) жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

AELLCA бағдарламасының мақсаты – мектептерде ағылшын тілін оқыту сапасын арттыру және педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының тұрақты тетіктерін құру. Бағдарлама 2025 жылғы тамыз бен 2026 жылғы наурыз аралығында іске асырылады.
Қол қойылған Келісім шеңберінде тараптар бірқатар бірлескен іс-шараларды іске асыру туралы уәделесті. Кәсіби дамудың білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер мен тренерлер үшін онлайн және бетпе-бет тренингтер өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, үздіксіз кәсіби дамудың мектепішілік жүйесінің мәселелеріне арналған бір күндік форум өтеді. Сондай-ақ, «Өрлеу» тренерлері үшін ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде біліктілікті арттырудың каскадты бағдарламасы іске асырылады. Бағдарлама екі сарапшы-тренерді, 16 шебер-тренерді және 64 тренерді қамтиды, олар британдық әдістеме және бірнеше мектеп пәндері бойынша «Өрлеу» БАҰО» курстарының материалдары негізінде оқытылады.
Айта кетейік, «Өрлеу» мен Қазақстандағы Британдық Кеңес арасындағы ынтымақтастық көптеген жылдар бойы жалғасып келеді және бұл ынтымақтастық ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби дамуын қолдауға бағытталған.

«Өрлеу» ағылшын тілін оқытудың заманауи тәсілдерін енгізуге көмектеседі, оларды қазақстандық мектептердің жағдайына қарай бейімдейді. AELLCA бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру шеңберінде Норвич тіл білімі институтымен (NILE) бірлесіп, ҮКД-дың бес курсы әзірленді, олар ҚР Оқу-ағарту министрлігімен аккредиттелген және Қазақстандағы барлық педагогтер үшін қолжетімді курстар тізіліміне енгізілмек. Сонымен қатар, «Өрлеу» білім беру бағдарламаларын әзірлеушілерге арналған әдістемелік құрал дайындалды.
AELLCA бағдарламасын Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігі қаржыландырады және Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан сияқты бес елде іске асырылуда. Бағдарламаның негізгі мақсаттары: мектептерде ағылшын тілін оқыту деңгейін арттыру, мектеп мұғалімдерінің үздіксіз кәсіби дамуын жақсарту, жоғары оқу орындарында ағылшын тілін инклюзивті оқыту әдістері мен тәжірибелерін енгізу. Бағдарламаның негізгі академиялық серіктесі – Ұлыбританияның Норвич тіл білімі институты.