Педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын қолдау және мектептерде пәндерді оқыту сапасын арттыру мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы British Council Kazakhstan ұйымымен бірлесіп тренинг өткізді. Оқыту AELLCA халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылған.
Тренингті NILE (Norwich Institute for Language Education) әзірлеген оқу-әдістемелік нұсқаулықты қазақстандық оқу жүйесіне бейімдеп, алғашқы курстарды әзірлеуге жетекшілік еткен тәжірибелі маман, халықаралық сарапшы, AELLCA ұлттық консультанты Наталья Пеннер жүргізді.

Тренинг мақсаты – нормативтік талаптарды, білім берудегі заманауи тәсілдерді және қазақстандық контексті ескере отырып, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын жобалау, құрылымдау және рәсімдеу бойынша қатысушылардың кәсіби құзыреттерін дамыту.

AELLCA жобасы Қазақстанды қоса алғанда Орталық Азияның бес елінде іске асуда. Жобаның басты мақсаты – ағылшын тілін оқыту сапасын арттыру және педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын қолдау.