“Өрлеу” – Оралда пәндік курстар басталды

10 сәуір күні Оралдағы «Өрлеу» Кәсіби даму институтында бірнеше пәндік курстар басталды.

Курстарға Кәсіби білім беру  кафедрасының аға оқытушылары: Алина Абишева, Гүлмаржан Өтеғұл, Динара Жумагалиева, Нұржарқын Самиғолла сынды тренерлер жетекшілік етуде. 

    Курстар  «5-9 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы шеңберінде күрделі тақырыптар бойынша ағылшын тілі пәні мұғалімінің пәндік құзыреттіліктерін жетілдіру»,  «Жаһандық құзыреттіліктер», «Тарих пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту» (5-9 сынып)  тақырыптарын қамтиды.

Сонымен бірге Теректі ауданында да біліктілік арттыру курстары жүруде. Бұл курсты институттың аға оқытушысы Сәнім Әбитова «Развитие предметных компетенций учителей русского языка и литературы в освоении сложных тем в 5-9 классах» тақырыбында, «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәні педагогтерінің базалық және пәндік құзыреттіліктерін дамыту (5-9 сынып)»  тақырыбындағы курсты аға оқытушы Рауан Мулдагалиева жүргізуде.

Курс тыңдаушыларына жаңа білім беру бағдарламаларын табысты меңгерулеріне сәттілік тілейміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар