«Өрлеу» оқытушыларына арналған бағалау құралдары мен инклюзия бойынша курстар

Қазіргі білім беру үдерісінде педагогтердің үнемі дамуы мен біліктілігін арттыруы маңызды рөл атқарады. Астанада «Өрлеу» оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру курстары өтуде. Оқу екі бағыт бойынша жүргізіледі: «Тренерлерге арналған құзыреттілікке бағытталған бағалау құралдарын
әзірлеу және қолдану» және «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс».

«Өрлеу» Қарағанды филиалының атынан курстарға:
✔ директордың орынбасары Кушнир Марина Петровна,
✔ кафедра меңгерушісі Ибрагимова Гульнара Каиржановна,
✔ кафедраның аға оқытушылары: Кантарбаева Жанар Ерденовна, Мукушева Меруерт Алтынбекқызы, Шадетова Алтынгүл Кеңесқызы, Кохановер Татьяна Александровна, Ташетова Салтанат Садыковна, Нуртазина Майра Бақытқызы, Сыздықова Асемгуль Ибрагимовна қатысуда.

«Тренерлерге арналған құзыреттілікке бағытталған бағалау құралдарын
әзірлеу және қолдану» курсына 100 қатысушы тартылған. Оқытуды білім беру өлшемдері мен тестілеу саласындағы халықаралық сарапшы, PhD Арнольд Дж. Брауэр жүргізеді. Қатысушылар құзыреттілікке негізделген бағалау құрылымын қалыптастыру әдістерін меңгеріп, оқытудың өлшенетін мақсаттарын әзірлеуді және конструктивті туралау қағидаларын қолдануды үйренуде.

«Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс» курсына 50 тренер қатысуда. Инклюзивті білім беру саласындағы халықаралық сарапшы, психология ғылымдарының докторы, University of Houston профессоры Елена Григоренко қатысушыларды ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыстың негізгі қағидаларымен, диагностика әдістерімен, білім беру бағдарламаларын бейімдеу және жекешелендіру тәсілдерімен таныстыруда.

Курстар 21 ақпанға дейін жалғасады. Бұл мұғалімдерге өз білімдерін жаңартып, заманауи білім беру әдістерін тәжірибеге енгізуге тамаша мүмкіндік.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар