Өрлеу оқытушыларына арналған курс: ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс

«Өрлеу» Басқармасының ұйымдастыруымен 17-21 ақпан аралығында өтетін «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс» тақырыбындағы курсқа «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалынан 6 тренер қатысып жатыр.

Инклюзивті білім беру саласындағы халықаралық сарапшы, психология ғылымдарының докторы, Хьюстон университетінің психология факультетінің профессоры Елена Григоренко курс қатысушыларына ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудің жалпы принциптерімен таныстырды. Сонымен қатар, ЕЕБҚ бар балаларды жіктеу жүйесін көрсетті, ЕЕБҚ пайда болуының этиологиясы мен негізгі себептерін түсіндірді. ЕЕБҚ бар балаларды диагностикалаудың негізгі тәсілдерін туралы баяндап, ЕЕБҚ бар балаларды оқыту принциптерінің бірі – бағдарламаларды дараландыру және бейімдеу туралы тәжірибесімен бөлісуде.

Оқыту семинары барысында қатысушы-тренерлер инклюзивті білім беру саласындағы жаңа әдіс-тәсілдермен танысып, балалардың ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, тиімді жұмыс жүргізу үшін маңызды дағдыларды меңгерді.

Бұл шара педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруда маңызды рөл атқарып, инклюзивті білім беруді тиімді ұйымдастыруға жаңа мүмкіндіктер ашады. Тренерлерімізге білім көкжиегін кеңейтіп, кәсіби шеберлігін шыңдау мүмкіндігін ұсынған «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Басқармасына алғыс айтамыз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар