Өрлеу оқытушыларының кәсіби дамуына арналған курстар

2025 жылдың 17 ақпанынан бастап «Өрлеу» оқытушылары үшін екі маңызды курс басталды: «Тренерлерге арналған құзыреттілікке бағытталған бағалау құралдарын әзірлеу және қолдану» және «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс».

Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтынан «Педагогика және пәндік әдістер» кафедрасының оқытушылары Меруерт Бисенбаева, Ляззат Адыбаева, Ғалым Іркітбай, Гаухар Джарылгамысова, Ринад Көшербаев және Жетісу облысы бойынша өкілдігінің тренері Шалқар Шакеров қатысуда.

Құзыреттілікке бағытталған бағалау курсына Өрлеудің 100 тренері қатысуда. Спикер – PhD, халықаралық білім беру өлшемдері мен психологиялық тестілеу саласының сарапшысы Арнольд Дж. Брауэр. Алғашқы күнде қатысушылар:

✅ Құзыреттілікке негізделген бағалау құрылымын әзірлеу принциптерін;

✅ Оқу бағдарламасына сай сапалы әрі өлшенетін құзыреттер мен оқу мақсаттарын қалыптастыруды;

✅ Оқу мақсаттарын тиімді оқу іс-шараларына айналдыру және оқытушыларға кері байланыс беру тәсілдерін;

✅ Тестілеу жоспарын құруда таксономияны қолдану және конструктивті сәйкестендіру принциптерін меңгерді.

Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс курсында 50 тренер білім алуда. Спикер – Хьюстон университетінің психология факультетінің профессоры Елена Григоренко. Ол курс барысында:

📍 ЕЕБҚ бар балалармен жұмыс істеудің негізгі қағидаларымен таныстырды;

📍 ЕЕБҚ бар балаларды жіктеу жүйесін түсіндірді;

📍 ЕЕБҚ пайда болуының негізгі себептері мен этиологиясын баяндады;

📍 ЕЕБҚ бар балаларды оқыту принциптерінің бірі – бағдарламаларды дараландыру және бейімдеу туралы айтып берді.

Курстар 21 ақпанға дейін жалғасады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар