“Өрлеу”-Павлодар оқытушысы республиканың педагогикалық қоғамдастығын білім беру бағдарламасымен таныстырды

Ақпанның 7-сі қазақ және орыс тілдерінде оқытатын білім беру ұйымдарының педагог-ассистенттерінің біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасымен таныстыру мақсатында республикалық кеңес өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан төрағалық етті. Оған Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева, Оқу-ағарту министрлігі инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің мамандары, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының өкілдері, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалалары білім беру басқармаларының орынбасарлары мен мамандары, мектеп басшылары -барлығы үш жүзден астам педагог қатысты.

«Өрлеу»-Павлодар педагогика және пәндік әдістеме кафедрасының меңгерушісі А. Ахметниязова республиканың педагогтер қоғамдастыстығын өзінің «Білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеу бойынша педагог-асисстенттердің кәсіби құзыреттерін дамыту» атты білім беру бағдарламасымен таныстырды. Кеңес қатысушылары қойған сауалдарына толыққанды жауап алып, оң бағасын берді.

Айта кетерлігі, биылғы жылдың соңына дейін республика бойынша мектептерде 113 инклюзияны қолдау кабинеттерінің ашылуы жоспарланып отыр. Осыған орай, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жүйелі негізде жұмыс істейтін педагогтерге әдістемелік қолдау жасап, олардың біліктілігін арттыру қажет деп вице-министр өз сөзінде атап өтті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар