“Өрлеу”-Павлодар филиалында жаңа білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы басталды

Мамырдың 13-жұлдызынан бастап «Өрлеу»-Павлодар  филиалында «Биология сабақтарында ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту» атты жаңа білім беру бағдарламасы бойынша биология мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы басталды. Курс жетекшісі педагогика және пәндік әдістемелер кафедрасының оқытушысы Ж. Слямова болып табылады.

Бұл бағдарламаның мақсаты педагогтерге білім алушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамытудың тиімді әдістері мен технологияларына оқыту болып табылады. Тыңдаушылар тобының құрамында әр түрлі тәжірибесі бар ұстаздар, мысалы көптілді сыныптарда, STEM – технологиялар бойынша, шағын жинақты мектептердің бірлескен сыныптарында және инклюзивті сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдер болды. Оқыту барысында тыңдаушылар алуан контексттер құрастырып, функционалды сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалар мен қызықты сабақтар әзірледі. Сондай-ақ, мұғалімдер үшін көшпелі практикалық сабақтар да ұйымдастырылды, бұл жерде олар әріптестерімен тәжірибе алмасып, қызықты педагогикалық  әдіс-тәсілдерді өз қоржынына жинады. Алдағы уақытта тыңдаушыларымызды курс қорытындысы бойынша тест күтуде, біз барлық ұстаздарымызға сәттілік тілейміз.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар