«Өрлеу» Сассекс университетінің профессорымен педагогтердің кәсіби дамуын талқылады

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында Ұлыбританияның Сассекс университетінің (University of Sussex) халықаралық қатынастар жөніндегі проректордың орынбасары, профессор Саймон Томпсонмен кездесу өтті.

Кездесу барысында педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы мен бірлескен білім беру бастамаларын іске асыру бағытындағы ынтымақтастықтың болашағы талқыланды. Бұл бағыттар академиялық алмасуды дамытуға, инновациялық тәжірибелерді енгізуге және халықаралық байланыстарды нығайтуға кең мүмкіндік береді.

«Өрлеу» қазақстандық педагогтерге әлемдік үздік тәжірибе мен заманауи кәсіби даму үлгілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, халықаралық әріптестікті кеңейтуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар