«Өрлеу-СКО» филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша оқыту семинары өтті

💡 «Өрлеу-СКО» филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша оқыту семинары өтті

2025 жылғы 11 ақпанда «Өрлеу-СКО» филиалында «Бастамашылық хабарлау саясаты және қызметтік тергеп-тексерулер жүргізу қағидалары» тақырыбында оқыту семинары өтті. Бұл курс «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар мен корпоративтік этика саласындағы хабардарлығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараның спикері «Өрлеу» ҰБАО» АҚ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицері Сакенов С.Е. болып, институт ұжымына қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтаудың негізгі аспектілерін түсіндірді.

Оқыту аясында келесі мәселелер қарастырылды:
✅ Акционерлік қоғамдағы бастамашылық хабарлау саясатының негізгі ережелері, оны жүзеге асыру механизмдері және ықтимал заң бұзушылықтар туралы хабарлау тәсілдері.
✅ Қызметтік тергеп-тексерулер жүргізу тәртібі, олардың ұйымда ішкі бақылау мен ашықтықты қамтамасыз етудегі рөлі.
✅ Комплаенс-бақылау жүйесінің қызметін реттейтін ішкі нормативтік құжаттар және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу шаралары.
✅ Корпоративтік этиканың маңызы, есеп беру механизмдері және компанияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы аясындағы қызметкерлердің жеке жауапкершілігі.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар