Мақсат – мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және курстан кейінгі қолдау көрсету, жаңа білім беру бағдарламаларын ұсыну және бірлескен іс-шаралар стратегиясын әзірлеудегі жаңа тәсілдердің тиімділігін талдау.
Сындарлы диалог форматында мұғалімдердің үздіксіз кәсіптік білім беру мектебінің басшысы қызметінің негізгі аспектілері айқындалып, 2023 жылға арналған бірлескен іс-шаралар ұсынылды.
Жаңа білім беру бағдарламаларына, соның ішінде Alma Management университетімен бірлесіп әзірленген «Жаңа мектеп: тиімді басқару топтары» бағдарламасына ерекше көңіл бөлінеді.
Бағдарлама 7 модульден тұрады: стратегиялық және операциялық басқару; көшбасшылық және команда құру; адам ресурстарын басқару; білім мен инновацияны басқару: оқу өнімін қайта жүктеу; білім берудегі негізгі және қолдаушы инновацияларды салыстыру; оқу және кәсіби жетістіктер үшін мектептің әлеуметтік-білім беру серіктестігі; білім сапасы үшін білім беру ортасының тиімділігі.
Сондай-ақ мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуының Эстония тәжірибесі ұсынылға

- 15 Ноя
- 2022