«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институтының» директоры Лейла Серікқызы Альмагамбетоваға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2025 жылғы 3 қазанындағы №1785 бұйрығымен білім беру мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.
Лейла Серікқызы – педагогика саласында 23 жыл тәжірибесі бар білікті маман. 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап «Өрлеу» БАҰО» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры қызметін атқарып келеді. Ол — 200-ден астам ғылыми және әдістемелік еңбектің авторы. Кәсіби қызметі біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру, оқу-әдістемелік материалдар мен оқу бағдарламаларын әзірлеу және ғылыми еңбектерді сараптаумен байланысты.
Лейла Серікқызын осы жоғары жетістігімен құттықтап, ғылым мен білім саласындағы еңбегіне толағай табыс тілейміз!

- 07 Окт
- 2025