«Өрлеу» тренерлері жаңа білім беру бағдарламалары бойынша даярлықтан өтуде

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы педагогтердің біліктілігін арттыру бағдарламаларын сапалы жүзеге асыру мақсатында 2026 жылға әзірленген 33 жаңа білім беру бағдарламасы бойынша 265 тренердің даярлығын бастады.

Бағдарламалар педагогтердің кәсіби дамуының келесі негізгі бағыттарын қамтиды: пәндік бағыттар бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын іске асыру, білім беруді цифрландыру және жасанды интеллект құралдарын қолдану, сондай-ақ, білім беру үдерісінде инклюзивті тәсілдерді енгізу. Сонымен қатар, функционалдық сауаттылықты дамыту, «Адал азамат» бағдарламасы құндылықтарын қалыптастыру және педагогтердің көшбасшылық және зерттеушілік мәдениетін дамытуға басымдық беріледі.

Оқыту қорытындылау мақсатында бағалау жүргізіліп, тренерлердің білім беру бағдарламаларын іске асыруға дайындығын растайтын куәліктер табысталады. Осылайша, ақпан айынан бастап «Өрлеу» орталығының 16 филиалы мен 3 өкілдігі еліміздің барлық өңірінде жаңа бағдарламалар бойынша педагогтерді оқытуды бастайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар