«Өрлеу» тренерлері Моңғолияда қазақ тілінде пән жүргізетін педагогтерге арналған біліктілікті арттыру курстарын бастады

Мемлекет басшысының Моңғолияға жасаған мемлекеттік сапары аясында гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту жөнінде берілген тапсырмаларды іске асыру мақсатында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Осы бағытта ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Қазақстан Республикасы мен Моңғолия Үкіметтерінің қолдауымен Баян-Өлгий аймағында қазақ тілінде пән жүргізетін педагогтерге арналған біліктілікті арттыру курстарын бастады.
Бір аптаға жоспарланған оқу бағдарламасына Моңғолияның білім беру ұйымдарында қызмет ететін 112 педагог қатысуда. Курстарды «Өрлеу» ұлттық орталығының тренерлері жүргізіп, пән мен тілді кіріктіре оқыту (CLIL) әдістемесін, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың заманауи тәсілдерін, сондай-ақ жасанды интеллект құралдарын пәндік оқытуда тиімді қолдануды қамтиды.
Курстардың басты мақсаты – шетелдік білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытатын және қазақ тілінде білім беретін педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ педагогикалық қауымдастыққа жүйелі әдістемелік қолдау көрсету.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар