«Өрлеу» тренерлері British Council-дің халықаралық жобасына қатысады

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының тренерлері British Council ұйымдастырған конкурстық іріктеуден сәтті өтіп, Developing Future Leaders of Inclusive English Language Learning in Central Asia халықаралық білім беру жобасының қатысушылары атанды. Жоба инклюзивті ағылшын тілін оқыту бағытында педагогтердің көшбасшылық әлеуеті мен кәсіби құзыретін арттырып, Орта Азия елдеріндегі білім беру ұйымдарының өкілдерін бір алаңға біріктіреді.
Оқыту Ұлыбританиядағы University of Sussex университетінің бастамасымен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Бұхара мемлекеттік педагогикалық институты және Asia International University-мен әріптестікте іске асырылады. Бағдарлама сараптамалық-акедемиялық кездесулер мен халықаралық сарапшылармен кәсіби тәжірибе алмасуды қамтиды.
«Өрлеу» тренерлерінің бұл жобаға қатысуы еліміздегі педагогтердің кәсіби дамуына жаңа серпін беріп, инклюзивті оқытудың озық халықаралық тәжірибесін енгізуге мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар