«Өрлеу» Түлкібас ауданында облыстық семинар өткізді

Бүгін Түлкібас ауданы А.Пушкин атындағы IT лицейінде «Жаратылыстану -математикалық пәндер сабағында функционалдық сауаттылықты дамыту үшін құзіреттілікке бағытталған тапсырмалар» тақырыбындаоблыстық семинар өтті. Филиал директорының орынбасары М.Б.Ахтаев осы семинардың “Бірлескен төрттік” жоспарына сәйкес ұйымдастырылу екрекшелігіне тоқталды. Біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтер алған білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын практикада табысты қолдану, меңгерудiң жеке деңгейлерi бойынша оқушылардың «Жаратылыстану-математикалық пәндер сабағында функционалдық сауаттылықты дамыту құзыреттіліктеріне бағытталған танымдық тапсырмаларды жинақтау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға 17 ауданнның педагогтері қатысты. Жаратылыстану – математика пәндері бойынша облыстағы үздік мұғалімдер семинарда өз тәжірибелерімен бөлісті. Жалпы, жаратылыстану -математикалық бағыттағы пәндер оқушыларды ғылымға жетелейді. Шығармашыл педагогтердің тәжірибелерін облыс деңгейінде тарату мақсатында осы семинарды жоспарлаған, жоғары деңгейде өткізген “Өрлеу Шымкент” филиал қызметкерлеріне іс-шараға қатысушылар өз алғыстарын білдірді. Семинар соңында өз тәжірибелерімен бөліскен әріптестерді филиал директорының орынбасары М.Б.Ахтаев марапаттады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар