Өрлеу филиалдарының оқытушылары, директорлардың орынбасарлары мен директорларын оқыту басталды

Бүгін Астанада Өрлеу филиалдарының оқытушылары, директорлардың орынбасарлары мен директорларын оқыту басталды.

«Педагогтердің кәсіби дамуы бойынша тренерлерді даярлау курсы» семинарына Өрлеудің 50 қызметкері қатысуда.

Оқыту 3 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде (Астанада 5 күндізгі сабақ) семинарға қатысушылар мынадай тақырыптарды қарастырады: педагогтердің практикасын кәсіби даму құралы ретінде бағалау; педагогтердің кәсіби даму қажеттіліктерін анықтау; сабақты бақылауды ұйымдастыру және жүргізу; сабақта саралауды бақылау; педагогтердің кәсіби дамуын қолдау жөніндегі іс-шараларды бақылау.

4 аптаға созылатын екінші кезеңде Өрлеу қызметкерлері 1 кезеңде алған білімдерін практикада, әрқайсысы өз өңірінде қолданатын болады. Олар мұғалімдерге арналған іс-шараларды (таңдау бойынша) ұйымдастырады, іс-шаралар жоспары, ресурстар, мұғалімдердің кері байланысы мониторинг үшін семинар кураторына жіберіледі. Сондай-ақ, Өрлеу тренерлері сабақтың 2 бақылау парағын толтырып, жеке дәлелдемелер портфолиосын қалыптастырады.Куратор әр портфолионы талдайды және оны жақсарту бойынша ұсыныстар береді. Үшінші кезеңде портфолионың соңғы нұсқасы бағаланады, ал Өрлеу оқытушылары педагогтердің кәсіби дамуын қолдау бойынша жаттықтырушылар сертификаттарын алады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар