Қырғыз Республикасының Ағарту министрлігінің шақыруымен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Улуттук дем — дүйнөлүк бийиктик» атты халықаралық ғылыми-практикалық симпозиумға қатысты.
Іс-шара Қырғыз Республикасының білім беру жүйесіндегі маңызды белес — Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау республикалық институтының 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.
Симпозиумға Орталық Азия елдерінің педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарының өкілдері қатысты. «Өрлеу» ұлттық орталығы шетелдік әріптестерімен бірге қазақстандық педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету саласындағы жинақталған тәжірибесі мен тиімді тәжірибелік үлгілерін ұсынды.

