2025 жылғы 5–8 қараша аралығында Нидерландтың Гаага қаласында AEA-Europe қауымдастығының 26-шы жыл сайынғы конференциясы өтті. Биылғы конференция «Оқуға оң әсер ететін ертеңгі бағалау жүйесін жобалау» тақырыбына арналды. Іс-шара барысында бағалау мен оқытудың өзара байланысы, жасанды интеллекттің ықпалы және инклюзивті бағалау тәсілдері талқыланды.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Талдау және зерттеу департаментінің директоры Нұрым Шора «Аттестаттау шеңберінде мұғалімдердің кәсіби дамуын зерттеу» (ИРН: AP19679296) тақырыбында баяндама жасап, аттестаттаудың педагогтердің кәсіби өсуін қолдаудағы маңызын және деректерге негізделген шешім қабылдау тәсілдерін таныстырды.
Конференцияға әлемнің 34 елінен 300-ден астам сарапшы мен зерттеуші қатысып, бағалау саласындағы өзекті мәселелер мен жаңа бағыттарды талқылады.



