«Өрлеу» Қарағанды филиалының директорына қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Қарағанды облысы бойынша кәсіби даму институтының» директоры Жетписбаева Мейрамгүл Асылбекқызына ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі №1564 бұйрығымен «Білім» бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.

Бұл мәртебелі атақ – Мейрамгүл Асылбекқызының көпжылдық еңбегі мен кәсіби шеберлігінің, ғылымға адалдығының айқын көрінісі.

Ол – педагогика саласында 33 жыл тәжірибесі бар білікті маман. Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік бітірген, 2002 жылы кандидаттық диссертация қорғаған. 2013 жылдан бері «Өрлеу» БАҰО Қарағанды филиалында қызмет атқарып, 2022 жылдың желтоқсанынан бастап филиал директоры болып еңбек етуде.

Мейрамгүл Жетписбаева Scopus базасындағы жарияланымдарды қоса алғанда 50-ден астам ғылыми жұмыстың, 18 авторлық куәлік пен 1 патенттің иегері. Сонымен қатар ол «Өрлеу. Үздіксіз білім жаршысы – Өрлеу. Вести непрерывного образования» ғылыми журналының бас редакторы, білім мазмұнын сараптау республикалық орталығының сарапшысы және бірқатар мемлекеттік ғылыми жобалардың жетекшісі. 2022–2024 жылдары «Ерте жастағы балалардың қазақ тілінде сөйлеуін қалыптастыруға арналған цифрлық контент әзірлеу (қазақ балалар фольклоры материалдары негізінде)» тақырыбындағы гранттық жобаның зерттеу тобының мүшесі болды. Жоба аясында YouTube платформасында 15 бөлімнен тұратын «Күшік пен Пай-Пай» анимациялық мультсериалы жарық көрді.

Мейрамгүл Асылбекқызын осы жоғары жетістігімен құттықтап, ғылым мен білім саласындағы еңбегіне толағай табыс тілейміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар