ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ-2023
«Өрлеу» Қарағанды филиалы 2023 жылдың 15 мамыры мен 19 мамыры аралығында облыс педагогтеріне арналған ақпараттық вебинарлар сериясын өткізді. Вебинарлар аясында филиал әдіскерлері педагогтерді «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсын өткізудің ерекшеліктерімен, жалпы шарттарымен, мақсаттарымен, міндеттерімен, бағыттарымен таныстырды. Вебинарға 80-нен астам педагог қатысты.
Вебинар барысында келесі сұрақтар қарастырылды:
1. Конкурсқа кімдер қатыса алады?
2. Конкурстық материалдар қандай бағыттар бойынша қабылданады?
3. Сайтқа конкурсқа қатысуға электронды өтінімді қалай беруге болады https://ppi.orleu-edu.kz/?
4. Конкурс материалдарына қандай техникалық талаптар қойылады?
5. Конкурстық бейне материалдар қандай критерийлер бойынша бағаланады?
6. Конкурсқа қатысу мен нәтижелері педагогикалық қызметкерлерді аттестациялау кезінде ескеріле ме?
Конкурсты насихаттау жұмыстары тек қана вебинарлар өткізумен шектелмейді. Ақпараттық қолдау біліктілікті арттыру курстарында, аймақтық семинарларда, жедел мессенджерлерде, филиалдың әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында және БАҚ-та жалғасады. Біздің парақшаларға жазылыңыздар! Жаңалықтардан хабардар болыңыздар!