Бүгін Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген педагогтер AI Lab онлайн-воркшопында жасанды интеллект әлеміне терең үңілді. Онлайн-сессияны «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты ұйымдастырды. Шара барысында 13 спикер жасанды интеллекттің білім берудегі сенімді көмекшіге айналу жолдарын көрсетті.
Мұғалімдер нейрожелілердің көмегімен мультимедиалық материалдар жасауды, цифрлық ассистенттерді сабақтарда қолдануды, ойын әдістерін енгізуді, сондай-ақ оқушыларды олимпиадалар мен IELTS-ке дайындау мүмкіндіктерін талқылады. Воркшоптың басты сәттерінің бірі – білім беру саласына бейімделген қазақстандық «Shyrak AI» нейрожелісінің таныстырылымы болды.
Талқылау қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті. Ең бастысы – қатысушылар тек тыңдап қана қоймай, ИИ-құралдарды бірден тәжірибеде сынап көрді. Воркшоп заманауи білім беруге жасалған тағы бір қадам болды, онда технологиялар мұғалім мен оқушының игілігіне қызмет етеді.