“Өрлеу-Қостанай” филиалында мектеп директорлар үшін стратегиялық сессия өтті

«Өрлеу-Қостанай» филиалында Қостанай облысы мектеп директорларына арналған «XXI ғасырдағы білім беру ұйымдарында директордың көшбасшылығы және өзгерістерді басқару» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Сессияны филиал директоры Гүлвира Мусабекова жүргізді.

Бүгінгі мектеп директоры – тек лауазым иесі емес, білім беру ұйымының даму стратегиясына, психологиялық ойлауға, корпоративтік мәдениетке және көшбасшылыққа әсер ететін маңызды тұлға.

Сессия барысында мынадай мәселелер талқыланды:
Өткен дәуір тәжірибесін қайталаудан қалай арылып, мектеп немесе ЖОО даму стратегиясына негізделген, білім алушы серіктес болатын бірегей білім беру тәжірибелерін қалай қалыптастыруға болады?
Өзгелердің тәжірибесін тек көшіру емес, өз шешімдерін қалай іздеуге және енгізуге болады?
Қарқынды өзгерістер жағдайында көшбасшылық пен стратегиялық ойлауды қалай дамытуға болады?

Бұл стратегиялық сессия – филиалдың даму стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады. Ол мектеп басшыларын қолдауға және өңірдегі білім сапасын арттыруға бағытталған.

«Өрлеу» филиалы мектеп директорларымен ынтымақтастыққа және қолдауға әрдайым ашық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар