«Өрлеу» Қостанай филиалының тыңдаушылары Тобыл қаласы №1 ЖББМ базасында көшпелі тәжірибелік сабаққа қатысты

«Өрлеу» Қостанай филиалының тыңдаушылары «Қостанай ауданы білім бөлімінің Тобыл қаласы №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында өткен, көшпелі тәжірибелік сабақ шеңберіндегі шағын жинақталған мектеп басшыларына, мұғалімдеріне арналған «Шағын жинақталған мектептерде біріктірілген сынып-комплектілерінде пәндерді оқыту әдістемесі» облыстық семинарға қатысты.

Семинар мақсаты ШЖМ біріктірілген сынып-комплектілер жағдайында заманауи педагогикалық технологияларды (жобалық оқыту, кейс-технология, проблемалық оқыту) қолдану дағдыларын жетілдіру болды.

Светлана Вячеславовна Селезнева, Елена Витальевна Ефимова, Лаура Ахатовна Кущугулова, Светлана Васильевна Саяпина, Балжан Кожахметовна Жакупова ЖББМ мұғалімдеру өз тәжірибелерімен бөлісті.

Көшпелі сабақ барысында тыңдаушылар проблемалық және жобалық оқыту технологияларын, кейс-технологияларды пайдалана отырып, өздері қатысқан ашық сабақтарға талдау жасады, сондай-ақ шеберлік сыныпта болып, шағын жинақталған мектептің білім беру процесінде әртүрлі жастағы оқыту технологияларын пайдалану бойынша мұғалімдердің тәжірибесін зерттеді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар