«Өрлеу» Қостанай филиалының тыңдаушылары «Amanat&K» білім беру кешені ЖШС-не қатысты

«Өрлеу» Қостанай филиалында «Мектепке дейінгі ұйымы педагогінің ойын құзыреттілігін дамыту» біліктілікті арттыру курсынан өтіп жатқан мектепке дейінгі ұйымдардың 28 әдіскері мен тәрбиешілері көшпелі тәжірибелік сабақтың шеңберінде “Amanat&K” білім беру кешені ЖШС-не (бастауыш мектеп – бөбекжай – балабақша) қатысты.

Көшпелі сабақтың мақсаты кейін өзінің педагогикалық қызметінде қолдану үшін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасау әдістер мен дағдыларды меңгеру болды.

«Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойын әрекетін талдау» тақырыбы бойынша көшпелі сабақ бағдарламасы мазмұнды болды және Орталық бойынша экскурсия, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен топтық және жеке сабақтарда жұмысты ұйымдастыру бойынша Орталық педагогтерінің тәжірибесін зерделеуді қамтыды.

Тыңдаушыларға алдын ала топтарға бөлініп, тәжірибелі педагогтердің басшылығымен ерекше балалармен өздері жұмыс істеу мүмкіндігі берілді.

Практикалық сабақ тыңдаушыларға өздерінің қорқыныштарын жеңуге және ЕББҚ бар балалармен жұмыс жасау үшін қажетті білім мен бастапқы тәжірибе алуға мүмкіндік берді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар