«Өрлеу» қызметкерлері дропперлікке қарсы күрес бойынша ақпараттық семинарға қатысты

6 қараша күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтында «Дропперлік – ақша жылыстатуға қатысудың бір түрі: әрбір қызметкер білуі тиіс маңызды ақпарат» тақырыбында онлайн форматта ақпараттық семинар өткізілді.

Іс-шараның спикері – «Өрлеу» БАҰО» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицері Сағидолла Ерсайынұлы Сәкенов. Семинарға институттың құрылымдық бөлімдерінің 33 қызметкері қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты – қызметкерлердің дропперлік құбылысы туралы хабардарлығын арттыру, ақша жылыстатуға қатысу тәуекелдерін азайту және ұйым ішіндегі қаржылық қауіпсіздік мәдениетін нығайту болды.

Сағидолла Ерсайынұлы дропперлік ұғымын ашып, оны заңсыз қаржылық операциялар тізбегінде қолданудың негізгі тәсілдері туралы баяндады. Мысал ретінде банктік карталарды бөгде тұлғаларға беру, жеке деректердің заңсыз пайдаланылуы, және әлеуметтік желілерде таралатын «оңай табыс» уәделерімен адамдарды алдау әрекеттерін келтірді. Спикер дропперлікке тартудың қазіргі заманғы әдістеріне, сондай-ақ мұндай әрекеттердің құқықтық салдарына тоқталды. Сонымен қатар, қызметкерлерге күдікті операциялар байқалған жағдайда комплаенс-қызметіне хабарлау тәртібі мен байланыс арналары түсіндірілді.

Семинар барысында қатысушылар өз тәжірибелерінен туындаған сұрақтар қойып, нақты мысалдармен бөлісті. Талқылау қорытындысы бойынша қызметкерлердің дропперлікке қатысу тәуекелдері жөніндегі құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығы атап өтілді.

Қорытынды сөзінде Сағидолла Сәкенов әрбір қызметкердің қаржылық адалдық пен жеке жауапкершілік мәдениетін сақтау – ұйым қауіпсіздігінің басты кепілі екенін ерекше атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар