Бүгінде тәуелсіз Отанымыздың тамыры терең тарихы мен айбарлы азаттығының шежіресі айрықша маңызды тақырыпқа айналып отыр.
Қазақ елінің айбынын асыру мен ордасын орнықтыруды маңызды міндет санаған аса көрнекті қайраткер, дара тұлға Абылай ханның туғанына 310 жыл толуына орай «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында «Көрнекі тұлға және оның тарихқа қосқан үлесі: тұлғатану ұстанымдары тарихи білім беруде» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өткізілді.
Бүгінгі таңда инновациялық педагогикалық тәжірибені жүйелеу, педагогикалық теориялар мен тәжірибелердің жаңа тәсілдерін енгізу, әлемдік білім беру кеңістігінің даму ағымдарын тиімді оқыту мен оқуға кіріктіру өзекті мәселелер болып табылады.
Педагогтердің шығармашылық және инновациялық әрекетін қолдау, кәсіби жетілуін ынталандыру, қазіргі педагогикалық технологияларды қолдану бағытындағы педагогикалық іс-тәжірибені таратудың инновациялық кеңістігін құру, қалыптастыру, орнықтыру бағытында ұйымдастырылған конференция тыңдалымында республиканың Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстары педагогтерінің баяндамалары тыңдалып, келелі сұхбат жүрді.



