Семинардың 2-ші секциясы «Қарлығаш» балабақшасындағы шебер-сағаттан бастау алды. “Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту” тақырыбына арналған шебер-сағатты «Қарлығаш» балабақшасының директоры Казакпаева Б. және филиал тренері Тусупова Г.У. жүргізді.
Жиын барысында педагогтер ойынды түсінудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін зерттеп, оны қолдану дағдыларын меңгерді. Ойындар мен ойын сюжеттерін модельдеу, жаңа бағдарламалар арқылы мультфильм жасау әдістерін тәжірибе жүзінде үйреніп, құзыреттіліктерін дамытты.


