2023 жылғы 17 ақпанда Өскемен қаласы, Глубокое және Ұлан аудандары мектептерінің мұғалімдері мен дебат клубтарының басшыларына арналған “Өз елінде өмір сүру және жұмыс істеу – дарынды жастардың таңдауы” турнирі өтті.
Турнирді ұйымдастырушылар – “Өрлеу” Біліктілікті Арттыру Ұлттық орталығы” АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты және Өскемен қаласының “SAMGA” даму орталығы.
Турнирдің мақсаты – мектептегі пікірталас қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау.
Турнир екі лигада – қазақ және орыс тілдерінде өтті.
Турнирге әр лигада 6 командадан 12 команда қатысты.
Қазақ лигасында:
1 орын – “Жалын” командасы: Октябрь Биназар ( Өскемен қаласы әкімдігінің “№ 42 орта мектебі” КММ) және Бақытжанұлы Қуаныш (Өскемен қаласы әкімдігінің” Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі”).
2 орын – “Жігер” командасы: Ерболат Талғар Ерболұлы және Мұқажанов Азамат Тоқмадиұлы, Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің “Пушкин атындағы орта мектебі” КММ.
3 орын – “Феникс” командасы: Қабдрахманова Арайлым Бақытқызы (Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің “Б. Момышұлы атындағы орта мектебі” КММ) және Базилова Құндыз Мухаметкановна (Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің “А. Байтұрсынов атындағы орта мектебі” КММ).
Орыс лигасында:
1 орын – «Әділет» командасы: Кобдабаева Сымбат Базарбековна және Берлинова Александра Вячеславовна, Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің ” Ы.Алтынсарин атындағы Глубокое орта мектебі” КММ”.
2 орын – «Эрудит» командасы: Жумагулова Айнур Казбековна (Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің “№12 мектеп-гимназиясы” КММ) және Кабышева Акбота Тусупкановна (Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің “№7 орта мектебі” КММ)
3 орын – «Аманат» командасы: Худякова Екатерина Ивановна және Мукатаев Ринат Серғазыұлы, Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің “Белоусовка ОМ” КММ.
Үздік спикерлер: қазақ лигасында “Жігер” командасында ойнаған Мұқажанов Азамат Тоқмадиұлы, Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің “Пушкин атындағы орта мектебі” КММ. Орыс лигасында “Аманат” командасында ойнаған Худякова Екатерина Ивановна, Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің “Белоусовка ОМ” КММ. Өскемен қаласының жоғары оқу орындары мен колледждерінің судьяларына, Сансенбаев Жігерге, Қыдырмоллаева Аминаға, Елюбай Ернұрға, Арыханов Ертіс пен Төлегенов Еркебұланға алғыс білдіреміз. Турнирде “Самға” даму орталығының даму жөніндегі директоры Назым Ержанқызы Шайзанова бас төреші болды.







