«Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының аймақтық кезеңіне қатысушылардан өтінімдерді қабылдаудың аяқталуына 7 күн қалды. Жамбыл облысының ұстаздарынан 600-ден астам өтініш түскен.
Бұл күндері сайысқа қатысушыларға байқауға қатысу мәселелері бойынша әдістемелік кеңес беру жалғасуда. Жамбыл-«Өрлеу»-ге конкурстық бейнематериал дайындауға әдістемелік көмек алу мақсатында Тараз қаласындағы С.Нұрмағанбетов атындағы №10 орта мектеп мұғалімдерінен құралған шығармашылық топ келді. Кездесуге қатысушылар әдістемелік көмек пен ұсыныстар үшін алғыстарын білдіріп, байқауға қызығушылық танытып, кәсіби тәжірибелерімен бөлісуге ниет білдірді.
Құрметті, ұстаздар! Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау 2022 жылдың 10 қазанында аяқталатынын естеріңізге саламыз.
Байқау туралы толық ақпаратты «Өрлеу» БАҰО АҚ -ның сайтынан https://ppi.orleu-edu.kz/ сілтемесі арқылы алуға болады. Өтініштер мен конкурстық материалдарды https://ppi.orleu-edu.kz/ сілтемесі бойынша жіберіңіз.

