№4 ҮНБ іске асыру мәселелері жөніндегі апта сайынғы SCRUM-мәжіліс

2023 жылғы 6 сәуірде «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 үлгілік негізгі бағыты мәселелері жөніндегі апта сайынғы scrum-мәжілісіне қатысты.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) өкілдері ұйымдастырған мәжіліс барысында 2023 жылға арналған №4 ҮНБ бойынша жобалар картасын іске асыру талқыланды.

№ 4 үлгілік негізгі бағытты іске асыру шеңберінде келесі жобаларды іске асыру көзделген:

– сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау;

– сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау;

– квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс;

– сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Сонымен қатар, әр жоба жобаның бағытына байланысты жеке тапсырмалар мен ішкі тапсырмаларды қамтиды.

Қазіргі уақытта «Өрлеу» БАҰО» АҚ үш жобаны іске асыруға қатысады, Қоғам белгіленген мерзімде жобалар картасы шеңберінде барлық міндеттер мен қосалқы міндеттерді орындауды жоспарлап отыр.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар