№7 Хромтау мектеп-гимназиясында көшпелі тәжірибелік сабақтар өтті

2023 жылдың 27 сәуір күні Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалының курс тыңдаушыларына арнап №7 Хромтау мектеп-гимназиясының базасында “Бастауыш сынып мұғалімдерінің пәндік құзыреттілігін арттыру” тақырыбында облыстық семинар өткізіп, көшпелі тәжірибелік сабақтар ұйымдастырды.

Семинарға Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалының аға оқытушысы Ж. У. Жубаева, Хромтау қаласы білім бөлімінің «Әдістемелік кабинет» меңгерушісі Г.С.Барикова, әдіскер Қ.Абилов, бастауыш класс мұғалімдері, курс тыңдаушылары қатысты.

Семинар барысында қатысушылар №7 Хромтау мектеп-гимназиясының бастауыш мұғалімдерінің өткізген ашық сабақтарын тамашалап, оқытудың заманауи тиімді әдіс-тәсілдері, дамытушы ойындар мен көрнекіліктер дайындау бойынша шебер кластар мен коучингке белсене араласты. Курс тыңдаушылары бастауыш блок бойынша экскурсия жасады, семинардың жоғары деңгейде өткізілгендігі туралы пікірлерімен бөлісті. №7 Хромтау мектеп-гимназиясы ұжымына ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар