БҮГІН ЕЛОРДАМЫЗ АСТАНА ҚАЛАСЫНДА «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ-2024» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТКІЗІЛДІ

📍Елордамыз Астана қаласында «Педагогикалық идеялар панорамасы-2024» республикалық конкурсының салтанатты марапаттау рәсімі өткізіліп,жеңімпаздардың есімі анықталды. Барлық өңірлердің 1, 2, 3 орын алған жүлдегерлерін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Бекболатұлы Жұмашев, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басқарма төрағасы Айдана Шилибекова мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов жетістіктерімен құттықтады.🏆Республикалық байқаудың нәтижесі бойынша Маңғыстау облысынан жолданған 11 бағыттан конкурстың 5 бағыты бойынша педагогтеріміз жеңімпаз атанды. 🏅І орын Әлеуметтік-эмоционалды сауаттылық -Уттибаева Адемхан Найзабековна – Қарақия ауданы №5 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі,Көкен Гүлжамал Өмірзаққызы -Түпқараған ауданы, М.Әбдіхалықов атындағы мектеп- гимназияның бастауыш сынып мұғалімі; 🏅ІІ орын Медиа-ақпараттық сауаттылық -Қаниев Марат Амандықұлы, Жанабергенова Мейрамгул Сакидуллаевна, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдері; 🏅ІІІ орын Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық -Бүркітба йұлы Айдын, Кунтуарова Айдана Азанқызы, Ақтау қаласы М.Әуезов атындағы №20 жалпы білім беретін мектептің биология,информатика пәні мұғалімдері;🏅ІІІ орын Мәдениетаралық сауаттылық -Туржанова Назира Елемесовна, Ақтау қаласы Ф.Оңғарсынова атындағы №29 мектеп-гимназияның музыка пәні мұғалімі; 🏅ІІІ орын Цифрлық сауаттылық -Усенова Набат Сейдуллаевна, Бакаев Альбек Талгатулы, Мақсатқызы Әсел, Ақтау қаласы №30 жалпы білім беретін мектептің физика пәні мұғалімдері; 🏅«Үздік бейнематериал» номинациясы – Мәдениетаралық сауаттылықТуржанова Назира Елемесовна, Ақтау қаласы Ф.Оңғарсынова атындағы №29 мектеп-гимназияның музыка пәні мұғалімі. 💐Байқауға қатысқан ұстаздарға әдістемелік қолдау көрсетіп, педагогикалық идеяларын шыңдауға елеулі үлес қосқан Өрлеудің білікті тренерлеріне ерекше алғыс айтамыз және жүлделі орын алған жеңімпаздарды құттықтаймыз!🎊🎊

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар