“ӨРЛЕУ” МАҢҒЫСТАУ ФИЛИАЛЫ НЫСАНАЛЫ МЕКТЕП ПЕДАГОГТЕРІНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

📌“ӨРЛЕУ” МАҢҒЫСТАУ ФИЛИАЛЫ НЫСАНАЛЫ МЕКТЕП ПЕДАГОГТЕРІНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА💥Бүгін, 17 қаңтар күні Ақтау қаласындағы №9 ЖББМ мұғалімдерімен кезекті әдістемелік кездесу өткізілді.Өрлеу – Маңғыстау филиалы директорының орынбасары Г.Мамутова педагогтерге сабақ жоспарын әзірлеу және функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмаларды әзірлеу бойынша әдістемелік көмек көрсетті.💫Мұғалімдерге заманауи білім беру әдістемелерін ұсыну, сабақ жоспарын құруда тиімді тәсілдер мен жаңа құралдарды таныстыру, сондай-ақ функционалдық сауаттылықты дамытуда қолданылатын тапсырмаларды дайындаудың қыр-сырын түсіндіру басты назарда болды.🔑 Сабақ жоспарын әзірлеу барысында мұғалімдерге оқу мақсаттарына сай құрылымдалған жоспарлар жасау, тиімді оқыту әдістерін таңдау және әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды беру жолдары ұсынылды.📚 Функционалдық сауаттылықты дамыту тақырыбы бойынша педагогтерге тек белгілі бір пәнді ғана оқыту емес, сонымен қатар оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білу дағдыларын дамыту мақсатында тапсырмалар әзірлеу бойынша тәжірибелер ұсынылды.🧩Кездесу барысында мұғалімдер білім беру үдерісінде кездесетін қиындықтар мен жетістіктер туралы пікір алмасты. Мұндай әдістемелік кездесулер педагогтердің кәсіби өсуіне және оқу процесін жаңартуға мүмкіндік береді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар