Жиында педагогтердің үздіксіз дамуының ұлттық платформасын әзірлеу процесіне баса назар аудара отырып, төмендегі мәселелер талқыланды: – «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық орталығының қызметін трансформациялау – процестерді диджитализациялау; -біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеудің жаңа тәсілдері; -курстарды ұйымдастыру және педагогтердің үздіксіз даму сапасын қамтамасыз етудің перспективалық бағыттары.
Аталған мәселелер талқылана отырып, мемлекет басшысының білім беру процесін цифрландыру жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін айқындалған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған ұлттық орталықтың тәсілдері айқындалды. Цифрлық технологиялар өмірдің барлық саласына еніп, білім беру саласы үшін де керемет мүмкіндіктер ашады.

- 27 Авг
- 2024