«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы жыл сайын ұйымдастыратын байқаудың республикалық кезеңіне бейнеформатта өтініш қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті. Қатысушылардың бейнематериалдары сараптамалық бағалау комиссиясына жолданды. Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 20 желтоқсанда Астана қаласында өтеді.
Жеңімпаздар ТМД елдері арасында өтетін Педагогикалық шеберлік халықаралық фестиваліне қатысуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, байқау нәтижелері педагогтерді аттестаттау кезінде ескеріледі.
Айта кетсек, биыл байқауға өтінім бергендердің саны үш есеге артты. Өңірлік кезеңге еліміздің түкпір-түкпірінен 16 мыңға жуық педагог қатысты. Эксперттік комиссия 7 бағыт бойынша ұсынылған жұмыстардың ішінен 816 үздік жобаны іріктеп, олардың 140-ына республикалық кезеңге жолдама берді.

