Ұлттық білім беру жүйесін реформалау аясында Британ Кеңесі Орталық Азияда ағылшын тілін жедел оқытуға арналған кешенді бағдарлама (Accelerating English Language Learning in Central Asia – AELLCA) әзірледі. Бағдарлама ағылшын тілінің мұғалімдерін даярлауға және өңірдегі инклюзивті білім беру жүйесін дамытуға бағытталған.
👩🏫 Өрлеу-Қостанай филиалының педагогтері:
- Бурага Ольга Владимировна
- Жаналина Лаула Еркеновна
- Мускина Айнұр Нұрланқызы
«Accelerating English Language Learning in Central Asia» бағдарламасы аясында пәндік тренерлерге арналған каскадты тренингке қатысуда.
📝 Күнделікті сессиялар тақырыптары:
– Ересектердің оқу тәжірибесі мен қажеттіліктеріне негізделген оқу циклі;
– Материалды жеткізудің әртүрлі форматтары;
– Пленарлық сессияны басқару және фасилитациялық дағдыларды дамыту;
– Рефлексиялық практика.
🎓 Оқу мерзімі: 8–11 желтоқсан. Бағдарлама аяқталған соң барлық қатысушылар сертификат алады.

